Көлік полициясының жеке құрамы жазғы кезеңдегі қызметке сақадай сай - К.Тоқсейітов

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Көлік полициясының жеке құрамы жазғы кезеңдегі қызметке сақадай сай. ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Қанат Тоқсейітов 17 сәуірде жеке құрамның саппен жүру байқауынан кейін осылай, мәлім етті.
None
None

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Көлік полициясының басшылығы полицейлердің жазғы киім формасына ауысу дайындықтарын тексерді. Байқауға қоғамдық қауіпсіздік, қылмыстық полиция бөлімдерінен, заңсыз көші-қонмен күрес, есірткі бизнесімен күрес басқармаларынан, штабтан, кадрлық жұмыстар басқармасынан және т.б. қызметтерден үш жүзге жуық қызметкер қатысты.

Байқаудан кейін департаменттің жеке құрамы жиналғандардың алдында саппен жүріп өтіп, тамаша дайындықтарын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар