17:33, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Көлік прокуратурасы пойыз жолсеріктеріне қойылатын жаңа талаптардан азаматтардың конституциялық құқықтарын кемсітушілікті көрді
АҚТӨБЕ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ – Ақтөбе көлік прокуратурасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма бастығының міндетін атқарушының «Пойыз бригадаларының қызметтерін жетілдіру туралы» 2008 жылғы қазанның 22-сіндегі бұйрығын зерттеу кезінде қызметкерлердің құқықтарының бұзылғанын ашты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осы бұйрыққа сай көлік пойыздары бастықтарының, жолаушылар вагондары жолсеріктерінің және пойыз бригадаларының мәртебесі туралы ережесі бектіліген болатын. Мысалы, кәсіпорынның жолсеріктеріне мынадай: жасы бойынша (40-тан аспауы), сыртқы келбеті (толық болмауы, тартымды болуы) сияқты шамадан тыс біліктілік талаптары белгіленген болатын, бұл қызметкерлердің конституциялық құқықтарына және заңды мүдделеріне нұсқан келтіреді.
ҚР Еңбек кодексінің 7-тармағына сәйкес еңбек құқығын жүзеге асыруда ешкім де жасына, жынысына, дене кемшіліктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық қызметіне, тұрғылықты жеріне,дініне, саяси сенімдеріне, және басқа да да мәліметтеріне қатысты кемсітушілікке ұшырамауы тиіс
Прокуратура тәртіптің осы тармағына қарсы шешім шығарды.