Көлік прокурорлары жыл басынан бері 14 мыңға тарта азаматтың конституциялық құқығын қорғады

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Еліміздің Бас көлік прокуратурасы ағымдағы жылдың өткен алты айы бойынша жұмыс қорытындыларын шығарды. Бас көлік прокурорының орынбасары Асылбек Әбдірайымовтың жасаған есептік баяндамасына сәйкес, прокуратурамен осы кезең ішінде 15 мыңға тарта заңдылықтың бұзылғаны анықталып, қадағалау органының актілерімен заңсыз деп танылған 663 актінің күші жойылған. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Көлік прокурорлары жыл басынан бері 14 мыңға тарта азаматтың конституциялық құқығын қорғады

Сонымен қатар, есепті кезеңде 13 848 азаматтың конституциялық құқығы қорғалып, әр түрлі жауапкершілікке 3141 тұлға тартылды, 24 қылмыстық іс қозғалған.

«Өткен алты айда мемлекетке келтірілген шығын сомасы 3 млрд. 500 млн. теңге шамасында айқындалды, оның ішінде 1 млрд. 300 млн. теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар, мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау мен алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілді. Бұл бағытта көлік прокурорлары 6 қылмыстық істі қозғады» делінген баспасөз баянында.