Көлік саласындағы әрбір 1 миллиард теңге инвестиция 20 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді - ЭЗИ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік саласына бөлінетін әрбір 1 миллиард теңге 20 мың жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов мәлім етті.
«Біздің зерттеулер инфрақұрылымдардың біріне, оның ішінде көлік саласына салынатын инвестициялар үлкен экономикалық әсер беретіндігін көрсетіп отыр. Әрбір доллар шамамен 1,5 доллар пайда әкеледі. Сонымен қатар әрбір миллиард теңге инвестиция шамамен 20 мың жұмыс орнын ашады», - М.Мұқанов.
Оның айтуынша, «Нұрлы жол» аясында жол құрылысына және түрлі логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға бөлінген қаражаттар дағдарыс тұсында үлкен мультипликативті әсер береді.