Көлік салонында қалған екі жасар бүлдіршін ұшты-күйлі жоғалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы облысы Кормиловка ауданы орталығында автомобиль салонынан екі жасар бала жоғалды, деп хабарлады РФ ІІМ Омбы облысы бойынша басқармасы.
Полиция мәліметтеріне сәйкес, баланы кентке атасы "Форд" көлігімен әкелген.
"Жолда Алжат артқы орындықта ұйықтап қалды. Ер адам оны оятпай, туыстарыны үйіне өзі барған. 15 минуттан соң қайта келгенде, сәби автомобиль салонында болмаған", - делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен еріктілер жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеуге полицейлік тікұшақ тартылды.