Көлік тасымалындағы жағдай коронавирус салдарынан кейін әлі қалпына келген жоқ - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2 млрд тоннаны құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік тасымалындағы жағдай коронавирус салдарынан кейін әлі қалпына келген жоқ - министрлік

«Көлік саласы коронавирус инфекциясы індетінен кейін әлі қалпына келген жоқ. Есептік кезеңде нақты көлем индексі 96,9% құрады. Транзиттік контейнерлік тасымалда оң динамика сақталды. Көрсеткіш 625,6 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Өсім 37% болды», - деді Қ. Өскенбаев.

Оның айтуынша, көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2 млрд тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,8 пайызды құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл елімізде қара металлургия саласында өсім болды.

Сонымен қатар, фармацевтика өнеркәсібінде халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұранысының артуы есебінен өндіріс көлемі 38,9% артты.