Көлік ұрлаумен айналысқан ағайындылар қолға түсті - ІІМ

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы қаласының ІІД қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында шетелдік көліктерді ұрлаумен айналысып жүрген Алматы облысының тұрғындары - 22 және 23 жастағы ағайындыларды ұстады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында  мәлім болды.

Министрліктің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораздың айтуынша, жүргізілген жедел іс-шаралар барысында ағайынды екі жігіттің қала тұрғындарының шетелдік көліктерін ұрлап жүргендігі дәлелденді.

«Өткен жылдың қарашасы мен биылғы жылдың мамыр айы аралығында күдіктілер ауладағы көліктерді кілтпен ашып, оларды бөлшектеп сату үшін шетелдік 3 көлікті («Мазда-626» 2 автокөлігі және  Фольксваген Гольф-2») қолды қылғаны анықталды. Тексеру барысында ұсталғандардан екі көлік тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Бір көлік бөлшектенген күйде анықталды. Қылмыскерлердің өзге ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - дейді Н. Ораз.

Соңғы жаңалықтар