«Көлік ұрлығы» операциясы барысында тәртіп сақшылары ұрланған 92 көлікті иелеріне қайтарып, 133 күдіктіні қолға түсірді

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Республикада мамырдың 3-і мен 6-сы аралығында жүргізілген кең ауқымды «Көлік ұрлығы» операциясы барысында елде 61 қылмыс тіркеліп, олардың 59-ның ізі суымай ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, аталмыш шараға

7,5 мыңнан астам тәртіп сақшысы тартылған. Операция нәтижесінде ұрланған 92 көлік иелеріне қайтарылды. Олардың 4-уі «Тойота Ленд Крузер Прадо», «Мицубиси Паджеро» сияқты өте қымбат саналатын көліктер. Сондай-ақ шара барысында 133 күдікті қолға түсіп, 7 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп, 4 іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті.

Соңғы жаңалықтар