Көлік ұрлығына қарсы операция кезінде Қырғызстанның «Манас» авиакомпаниясының президентінен ұрланған көлік табылды

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуаныш Жұманов көлік ұрлықтарын әшкерелеуге бағытталған «Көлік ұрлығы» операциясының нәтижесін жария етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның  мәліметтеріне қарағанда, кең ауқымды операция желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында жүргізілген. Оған 6 мыңнан астам тәртіп сақшылары тартылып, 2 мыңнан астам көлік жөндеу орындары мен автотұрақтар, гараждар мен көлікке қызмет көрсету орындары және

1 мың 448 автобөлшек сататын орындар тексерілген. «Операция барысында арнайы ұйымдастырылған шара арқылы  көліктен мүлік ұрлаудың 5 әрекеті әшкереленді. Осы мерзімде 35 көлікті қолды қылу әрекеті тіркеліп, оның 33-нің ізі суымай ашылды. Көлік ұрлады деген күдік келтіріліп жүрген 111 азамат ұсталып, 3 қымыстық топтың ісі жария етілді», деді департамент бастығы.

Оның  мәліметтері бойынша, ұрланған 92 көлік заңды иелеріне қайтарылды. Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Лексус RX-300» көлігін Алматыдан ұрлап, Таразда саудаламақ болған қаланың екі тұрғынын ұстады. Алматыда Қарасай ауданының Алатау поселкесіндегі тұрғындардың бірінен қарақшылық шабуыл арқылы ұрланған «Мерседес-Бенц S-500» көлігі табылды. Қарағандылық полицейлер 2008-2009 жылдар аралығында «БМВ», «Фольксваген», «Ауди», «Фольксфаген-венто» көліктерін ұрлаған 3 күдіктіні қолға түсірді. Сондай-ақ операция барысында қараша айында Қырғызстанның «Манас» авиакомпаниясының президентінен ұрланған «Тойота Ленд Крузер» көлігі табылды.

Соңғы жаңалықтар