Көлік ведомствосы Конституция күні қарсаңында авиаторларды марапаттады
СТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат. Бүгін Көлік және коммуникация министрлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңыңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай өткізілген авиашеруге қатысқан «Мемлекеттік авиациялық орталық» РМК-ның (МАО) қызметкерлері марапатталды.
Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов аталған маңызды шараға белсене қатысқандары үшін 6 экипаж мүшелеріне және маршрут бойымен ұшуды қамтамасыз еткен инженерлік-техникалық құрамына атаулы сағаттар тапсырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Биыл сәуірдің 28-нен мамырдың 4-не дейін созылған бұндай авиашеру республика тарихында бірінше рет өткізілген болатын. Сапар Астана қаласы маңындағы Жоламан алаңынан басталды, бұдан әрі маршрут Қарағанды, Павлодар, Семей, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Атырау және Орал қалалары арқылы өтті. Ол жақтан авиашеру бастапқы ұшу алаңына Қостанай мен Көкшетау арқылы оралды.
Сонымен, 7 күн ішінде алты ұшақтан тұратын топ 8300 шақырым араны өтіп, әр ұшақ әуе кеңістігінде 48 сағат 30 минуттан болды.
Ұшақтар қонған елді мекендерде аға буынға перзенттік алғысын білдіру, болашақ авиаторларды патриоттық рухта тәрбиелеу және кәсіп таңдауға көмектесу мақсатында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жастармен көптеген кездесулер ұйымдастырылды.
Анықтамалық: «Мемлекеттік авиациялық орталық» РМК 2006 жылғы 17 қараша айында азаматтық авиацияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты үшін әскерге шақырылатын жастарды ұшқыштар құрамының бастапқы әзірлігіне тиісті база жасау мақсатында құрылған болатын.