Көлік ведомствосының басшысы Ақтөбе және Жамбыл облыстарындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша есептерді тыңдады

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат. 25 мамырда ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Ақтөбе және Жамбыл облыстарында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының іске асырылу барысы бойынша отырыс өткізді. Отырыс барысында аталған жоба бойынша автожол саласының және мердігерлік ұйымдардың есептерін тыңдады,

Көлік ведомствосының басшысы Ақтөбе және Жамбыл облыстарындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша есептерді тыңдады

деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов Ақтөбе облысындағы жобаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берді.

Анықтамалық: Ақтөбе облысы бойынша қайта салынуға тиісті дәліздің жалпы ұзындығы 356 шқ, оның ішінде 317 шқ бойында құрылыс жұмыстары («Иврус» ЖШС - 107 шқ, «Дена Рахсаз Казахстан» ЖШС - 108 шқ, «Дженгиз Ишаат» ЖШС - 102 шқ) және 39 шқ жобалық-зерттеу жұмыстары («Қостанайжолжоба» ЖЗ ЖШС) жүргізілуде.

Ұзақтығы 215 шқ. құрайтын «Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы» учаскесінде 2007 жылдан бері жұмыстар («Иврус» ЖШС - 107 шқ, «Дена Рахсаз Казахстан» ЖШС - 108 шқ) атқарылуда. Өткен жылы 1904 млрд. теңге игеріліп, асфальт-бетон жабынының төменгі қабатын ұзақтығы 215 шқ және 200 шқ үстіңгі қабатын салу арқылы автожол салу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылғы шілдеде аталған учаскені пайдалануға беру жоспарлануда.

2010 жылдан бастап «Ақтөбе - Мәртөк» учаскесінде («Дженгиз Ишаат» ЖШС - 102 шқ) жұмыстар басталып, 1,24 млрд. теңге игерілді.

Ағымдағы жылы облыс бойынша шамамен 10,1 млрд. теңгені игеру және 60 шқ жаңа жолды салу жоспарлануда (І техникалық категория-9,5 шқ, ІІ техникалық категория-50,5 шқ).

Жамбыл облысы бойынша жобаны іске асыру барысы бойынша ақпаратты да автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов берді.

Анықтамалық: Жамбыл облысында қайта салуға тиесілі дәліздің жалпы ұзақтығы 495 шқ құрайды. Трасса бойында 6 мердігерлік компания («К-Дорстрой» АҚ - 58 шқ, (АКМ» ЖШС - 45 шқ, «Қазақжолсалу» ЖШС - 31 шқ, «КСС» ЖФ АҚ - 48 шқ) жұмыс жүргізуде.

Бұл облыс бойынша жұмыстар 2010 жылы басталды. Мердігерлік компаниялар 25 млрд. теңгені игеріп, мынадай жұмыстарды атқарды: 20 шқ асфальт-бетон жабын және 57 шқ цемент-бетон жабын төселді.

Ағымдағы жылы облыс бойынша шамамен 46 млрд. теңгені игеру және 300 шқ жаңа жолды салу жоспарлануда (І техникалық категория-264 шқ, ІІ техникалық категория-36 шқ).

Көлік ведомствосының басшысы мердігерлік компаниялар, екі облыстағы әр учаскелердің инженерлік қызметтер басшыларының есептерін тыңдап, кестеден қалып қойған учаскелердегі жағдайды қалпына келтіру мерзімін анықтады. Сондай-ақ, белгіленген кестеге үлгермей жатқан мердігерлік компаниялармен келісімдер тоқтатылу қажеттігін атап кетті.

Министр Б. Камалиев отырысты қорытындылай келе, автомобиль жолдары комитетіне, жобаның инженерлеріне, сонымен қатар, мердігерлік компаниялардың басшыларына аталған жоба бойынша қазақстандық мазмұн үлесін арттыруға және отандық компаниялар мен жергілікті қызметкерлерді жұмысқа тарту мәселесіне баса назар аудара отырып, ағымдағы жылға бекітілген барлық жұмыстар көлемін уақытылы орындалуы үшін нақты және шұғыл шаралар қолдануды тапсырды.