Көлік ведомствосының басшысы Алматы қаласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Осы аптаның басында Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Алматыға барған сапар барысында Қазақстанның бас қаржы орталығындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты,

Көлік ведомствосының басшысы Алматы қаласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоға сілтеме жасап. Көлік ведомствосының басшысы ұзақтығы 7,8 километр Алматының Шығыс айналма жол құрылысы нысандарын қарап шықты. Бүгінгі таңда аталған жоба бойынша Достық пен әл-Фараби даңғылдары қиылысындағы жол айырығы, Жарбұлақ өзені арқылы өтетін көпір, Луганский және Кіші Алматы өзені арқылы өтетін жол өткелдері, сонымен қатар Горная көшесінің астынан өтетін тоннель құрылысы аяқталды. Аталған нысандардың барлығы бірінші кезеңдегі құрылыс жұмыстарының қатарында, оған жұмсалатын қаржы көлемі 38,6 миллиард теңгені құрайды.Қаланың шығыс жағындағы көлік ағынын азайту мақсатында салынатын жол құрылысы 2006 жылы басталған. Бұл жол Алматы халықаралық әуежайына жол ашады.Сонымен қатар Әбілғазы Құсайынов әйгілі Алматы метрополитеніне де арнайы соқты. Оның ішінде көлік ведомствосының басшысы ұзақтығы 8,56 километр метрополитеннің алғашқы желісінің бірінші кезегін қарап шықты. Бұл учаскеге жеті станция кіреді. Бүгінгі күнге аралық тоннельдер, жол бетонын салу, инженерлік корпусын өңдеу жұмыстары мен жылу және желдету жүйелерін орнату жұмыстары аяқталды. Алғашқы Райымбек станциясындағы жұмыстар аяқталуда, қазірге кезде кіреберістегі өңдеу жұмыстары мен инженерлік жүйені орнату жұмыстары жүргізілуде, Жібек Жолы станциясында эскалаторлар орнатылуда. Қалған станцияларда да өңдеу және қажетті құрал-жабдықтар мен инженерлік жүйелерді орнату жұмыстары атқарылуда. Құрылыс нысандарын көріп шыққан көлік ведомствосының басшысы жасалып жатқан жұмыстарға қанағаттарлық баға беріп, халық саны бір жарым миллион межесіне жуық қаланың көлік ағынын жеңілдетуге арналған нысандарын уақтылы әрі сапалы аяқтау керектігін атап өтті.