Көлік ведомствосының басшысы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру мәселелерін Дүниежүзілік банк өкілдерімен талқылады

СТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат. 2010 жылғы 23 ақпанда ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Дүниежүзілік банк өкілдері - Орталық Азия өңірі бойынша өңірлік директор Мото Кониши және Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша көлік секторының басшысы Генри Кералимен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің учаскелерін қайта салу жұмыстарының жүзеге асырылуын талқыға салды. Бұл Қызылорда облысында 14 лот және Оңтүстік Қазақстан облысында 8 лот, сонымен қатар Қызылорда қаласының айналма жолы.

Анықтама: Бүгінгі күні Қызылорда өңірі бойынша әзірлік жұмыстары жүргізілуде. 198 жол-құрылыс техникасы мен 477 адам жұмыс қызметкерлері жұмылдырылған, құрылыс материалдарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Мото Кониши 2 125 млн. АҚШ доллары - Дүниежүзілік банк тарихындағы ең үлкен заем екендігін атап өтті. Яғни, аталған қаржы институтының қатысумен іске асырылған ең ірі жоба. Банктің қатысуының ең басты принципі - барлық техникалық, экологиялық және әлеуметтік қағидаттардың сақталуы болып табылады.

Әбілғазы Құсайынов өз кезегінде көлік-коммуникация кешені осы тәріздес жобаларды іске асыру бойынша тәжірибесі бар екендігін атап өтті. Олардың қатарында, республикадағы алғашқы Астана - Щучье автобанының құрылысы. Аталған автомобиль жолы цемент-бетон жабындыны төсеудің жаңа технологиясын пайдалану арқылы салынған. Құрылыс барысында аталған өңірдің экономикалық дамуына да аса ерекше назар аударылған, оның ішінде жол бойы қызмет көрсету пункттерін, жаңа өндірістерді, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға көңіл бөлінген. Бұл жобаның табысты аяқталуы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мега-жобасына өзіндік бір дайындығы іспетті болған.

Соңғы жаңалықтар