Көлік ведомствосының басшысы «Эйр Астана» АҚ және «Казаэронавигация» РМК қызметтерін одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
деп хабарлады ККМ баспасөз қызметі.
Кеңес барысында аталған әуе кәсіпорындарының басшылары Питер Фостер және Сергей Құлназаровтың «Эйр Астана» АҚ және «Казаэронавигация» РМК қызметтерінің нәтижелері және даму жоспарлары туралы ақпараттары тыңдалды.
Кеңестің қорытындысы бойынша Б.Камалиев «Эйр Астана» АҚ басшылығына 7 сағаттық ұшу шектеуіндегі әлемнің ірі қалаларымен тікелей жаңа әуе қатынастарын ашу мүмкіндігін, сондай-ақ, алдағы уақытта әуе кемелері паркін жаңарту мәселелерін қарастыруды тапсырды. Ал «Казаэронавигация» РМК басшылығына 2015 жылға дейін мемлекетіміздің транзиттік әлеуетіне сараптама жүргізіп, оның даму жағдайын қалыптастыру, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне пайдаланушыларды тарту бойынша жұмыстарын әрі қарай жалғастыру тапсырмалары берілді.