Көлік заңнамасымен жұмыс барысында депутаттар 450-ге тарта ұсыныс жасады - С. Сүлейменов

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмыс барысында 450-ге тарта ұсыныстар мен ескертпелер жасады. Бұл туралы бүгін аталмыш мәселе талқыланған дөңгелек үстел барысында мәлім болды.

Көлік заңнамасымен жұмыс барысында депутаттар 450-ге тарта ұсыныс жасады - С. Сүлейменов

Жиынды ашқан Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетовтің айтуынша, көлік саласына қатысты заң жобасы халықаралық шарттар талаптарына сәйкес әкімшілік кедергілерді төмендетуге, отандық көлік саласының бәсекелестік қабілетін арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және заңнаманы үйлестіруге бағытталған. «Заң жобасы бойынша 10 жұмыс тобының отырысы болды және депутаттардың заң жобасы нормаларын нақтылауды және жақсартуды көздейтін 450-ге жуық ескертпесі мен ұсынысы қаралған», - деді депутат. Оның айтуынша, заң жобасымен екі айға жуық жұмыс барысында депутаттар 387 ұсыныс жасаса, оның үкіметтік нұсқасына 279 позициясы енгізілген. «Жалпы, Қазақстанның көлік саласы ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Сондықтан, әлемдік нарыққа тауарлар жеткізу және халықаралық тасымалдарда сұранысты қанағаттандыру үшін Қазақстанның геостратегиялық жағдайын және елдің көлік кешені мүмкіндігін пайдалану қажет», - деді С. Сүлейменов.