Көлік және коммуникация экс-министрі Серік Әлигужинов дүниеден өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы 3 қазанда өмірден өткен Қазақстанның бұрынғы Көлік және коммуникациялар министрі Серік Әлигужиновтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік және коммуникация экс-министрі Серік Әлигужинов дүниеден өтті

«Серік Қарабатырұлы 1944 жылы Павлодар облысында дүниеге келген және Павлодардағы №2564 автоколонна механигінен ҚР Көлік және коммуникация министріне дейінгі ұзақ еңбек жолын жүріп өткен. Ел үкіметі Нұр-Сұлтанға көшіп жатқан кезде министрлікті басқарды, көлік және коммуникация саласының жүйе құраушы кәсіпорындарын құрудың бастауында тұрды», - деп жазылған Telegram каналдағы мәліметте.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Серік Әлигужинов Қазақстан Республикасы автокөлік одағының басшысы болды.

Еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін КСРО халықтарының достығы орденімен, «Құрмет» және «Парасат» қазақстандық ордендерімен марапатталған, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Павлодардың Құрметті азаматы атағын иеленген.