Көлік және коммуникация министрі Алматы облысы әкімінің орынбасарымен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Алматы облысы әкімінің орынбасары Амандық Баталовпен кездесті,

Көлік және коммуникация министрі Алматы облысы әкімінің орынбасарымен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл кездесу Елбасы Н.Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру және насихатау мақсатында Алматы облысы бойынша республикалық ақпараттық-насихаттау тобы (РАНТ) сапарының шеңберінде өтті. Әбілғазы Құсайынов Талдықорған қаласының активімен кездесті. Сондай-ақ ол өзі бастаған топпен бірге жергілікті кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысты.