Көлік және коммуникация министрі азаматтық авиация ардагерлерімен кездесті

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Халықаралық авиация күні кәсіби мерекесіне орай осы саланың ардагерлерімен кездесті,

Көлік және коммуникация министрі азаматтық авиация ардагерлерімен кездесті

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Көлік ведомствосының басшысымен кездесуге бұрынғы авиация мекемелерінің басшылары, сондай-ақ осы саланың еңбек сіңірген қызметкерлері шақырылды. Министр авиация саласында көп жылдар жемісті еңбек еткен ардагер-авиаторларды мерекемен құттықтай келіп, олардың тәжірбесі мен білімі кейінгі ұрпаққа да қажет екенін атап өтті.

Әңгіме барысында үкіметтің азаматтық авиация саласын дамытуға баса көңіл бөліп отырғаны атап өтілді және оның осы маңызды саланы одан әрі дамытуда оң ықпал ететініне сенім білдірілді.