Көлік және коммуникация министрі болып Берік Камалиев тағайындалды

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін Көлік және коммуникация министрлігінің активіне жаңа басшыларын таныстырды.

Көлік және   коммуникация министрі  болып Берік Камалиев тағайындалды

Көлік және коммуникация министрі болып бұрынғы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Сайлауұлы Камалиев тағайындалды.

Үкімет басшысы жаңа министрді құттықтай келе, оның көлік саласында тәжірибесі бар екенін, Б.Камалиев бұрынырақта Көлік және коммуникация вице-министрі болғанын атап көрсетті.