Көлік және коммуникация министрі көліктік бақылаудың өңіраралық инспекцияларының басшылармен кеңес өткізді

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат  - «Кеше Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев көліктік бақылаудың өңіраралық инспекцияларының басшылармен кеңес өткізді»,
None
None

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

 Кеңесте автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастыру, автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалдарын лицензиялау мәселелері қаралды. Бүгінде Қазақстанда техникалық байқаудың 104 желісінің (62 тұрақты, 42 жылжымалы) жұмысы ұйымдастырылған. Олар 43 техникалық байқау орталықтарында орналасқан. Ашылған техникалық байқау орталықтары туралы барлық ақпарат (мекен-жай, байланыс телефондары) Көліктік бақылау комитетінің сайтында (www.transportcontrol.gov.kz ) көрсетілген.

 Ағымдағы жылғы 6 қаңтарда Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен Техникалық байқаудан өту қорытындылары туралы ақпаратты біртұтас базаға тапсыру талаптары бекітілді. 2011 жылғы шілдеде жолаушы тасымалдарын лицензиялау ережелері бекітілді. Лицензиялауды енгізу қажеттілігі тасымалдар нарығына білікті тасымалдаушыларды тартып, жылжымалы құрамды өткізу, осы арқылы тасымалдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатынан туындады. Лицензияға қол жеткізу үшін қойылатын шарттардың бірі - тахографтардың болуы. Осы уақытта еліміз бойынша жолаушы тасымалдарын жүзеге асыру құқығын беретін 566 лицензия берілген.  Сондай-ақ тұрақты тасымалдарды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың 74 пайызы лицензияларын алды. Тұрақты емес тасымалдардағы тасымалдаушылардың 33 пайызы лицензияланды.

Кеңесті қорытындылай келе  Б. Камалиев көліктік бақылау комитеті мен оның өңіраралық инспекцияларының басшыларына заң талаптарының лицензиялау арқылы қатаң орындалуын қадағалауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар