Көлік және коммуникация министрі Қызылорда облысында болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды.
None
None

 Ведомство басшысы сапар барысында Елбасының Жолдауында айтылған елімізді дамытудың барынша маңызды бағыттары төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автотрассасының құрылысымен танысты. Министр облыс активімен кездесуі кезінде дамудың жаңа кезеңінде еліміз экономикасын нығайту мен қазақстандықтардың әл-ауқаты мәселесіне ерекше назар аударды. Осы орайда түпкі мақсаты тұрғындарды еңбекпен қамту, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, аймақтарды дамыту, секілді бірқатар жобаларды жүзеге асыру міндеті алға қойылды. Көпшілік алдында сөйлеген сөзінде А. Жұмағалиев Жолдауда тұрғындарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлінгенін атап өтті. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық деректерін ауыздықтау мен жұртшылықтың мемлекеттік органдарға сенімін ұлғайтудың алғы шарттарын қалыптастырады. Осыған байланысты, деп тұжырымдады министр, бұдан әрі Көлік және коммуникация министрлігі алдына Электронды үкіметті дамыта түсу жөнінде бірқатар маңызды міндеттер қойылып отыр. 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет түрлерін 60 пайызға дейін жеткізіп, оларды электронды форматқа көшіру керек. Ал 2013 жылдан бастап рұқсатнама сипатындағы барлық құжаттар электронды пішінде немесе тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары арқылы берілетін болады. Автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру де осылайша жүргізіледі.

  Жолдауда атап өтілген барынша маңызды бағыттардың қатарына «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің қазақстандық бөлігіндегі құрылыс жұмыстары да жатады. Бұл автобанның құрылысы 2013 жылы толық аяқталуы тиіс. Кездесулер барысында Көлік және коммуникация министрі облыс әкімдігімен жасалған бірнеше келісім-шартқа қол қойды. Ол аймақтың көлік-коммуникация жүйесін дамыту жөніндегі іс-шараларды қолға алуды көздейді.   

Соңғы жаңалықтар