Көлік және коммуникация министрлігі 2016 жылға дейінгі көлік саласын дамыту жоспарын бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрлігі 2016 жылға дейінгі көлік саласын дамыту жоспарын бекітті. Жоспар 2014 жылғы ҚР Әлеуметтік-экономикалық саясатының бірінші кезекті іс-шаралар жол картасын іске асыру шеңберінде жасалған. Оған транзитті ұлғайту, инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға бағытталған 70 іс-шаралар кірді.
None
None

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, көлік және логистикалық инфрақұрылымды әртараптандыру мақсатында министрлік нақты іс-шаралар кешенін жоспарлады. Оның негізгі бағыттарына МЖС механизмін пайдаланып шетелдік инвестицияларды тарту және БҰ құру арқылы Ақтау теңіз портында 3 құрғақ жүк таситын терминалдарды салу, «Қорғас - Шығыс жолдары» АЭА, «Жезқазған - Бейнеу» темір жол желісінде қозғалысты ашу кіреді. Ол жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көліктік бақылау комитетінің төрағасы Ә.Асаубаев мәлімдеді.

Қазіргі таңда министрлік портты солтүстік бағытқа қарай кеңейту жұмыстарын жүргізуде. Әсет Асаубаевтың айтуынша, порттың кеңейтілуі оның өткізілім мүмкіндігін, құрғақ жүкті ауыстырып тиеуді жылына 2,5 млн. тоннаға көбейтеді.

Сонымен қатар, жоспар бойынша «Қорғас - Шығыс жолдары» АЭА аймағында құрғақтағы порт құрылыстарын қамтамасыз ету шаралары да қарастырылған.

«Жетіген - Қорғас» темір жолы мен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәліз әлеуеттерін пайдаланып, Құрғақ портты салу ірі логистикалық хаб қалыптастыруға мүмкіндік береді. Автомобиль, темір жол және әуе инфрақұрылыммен байланысты контейнерлік, жүк және қойма қызметтерінің интеграциясы Азиядан Батыс Еуропаға, ТМД және Орталық Шығысқа жүктерді тасымалдайтын клиенттерге бір жерде барлық логистикалық қызмет кешенін беруге мүмкіндік береді», - дейді Әсет Асавбаев

Оның айтуынша, порттың құрылысы 2014 жылдың шілдесінде басталады.

Сонымен қатар, ККМ «Жезқазған - Бейнеу» темір жол желісінде қозғалысты ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, 2013 жылы Жезқазған - Бейнеу және Арқалық - Шұбаркөл темір жолдарының бас бағыттарын түйістіру іске асырылды. Аталған учаскелерде құрылыстың жалғастырылып жатқанына байланысты, стансалар мен разъездердегі инфрақұрылым объектілер мен әлеуметтік-тұрмыс ғимараттарын салуға 10 мыңнан астам адам жұмылдыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум