Көлік және коммуникация министрлігі Астана қаласы Есіл өзенінде кеме-қайықтарды пайдалану қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіреді

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті ұйымдастырған Астана қаласы Есіл өзенінде кеме-қайықтарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізілді,

Көлік және коммуникация министрлігі Астана қаласы Есіл өзенінде кеме-қайықтарды пайдалану қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіреді

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кеңеске Астана қаласының әкімшілігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару стансасы, «Есіл-Астана» МҚКМ, «Сарыарқа» Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының филиалы, «Кеме қатынасы тізімі» ММ-сінің өкілдері және қайықты жалға беру стансаларының иелері қатысты.

Кеңес барысында жазғы кезеңдегі және де Астана күніне орай Есіл өзеніндегі су көліктерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар жайындағы мәселелер талқыланды.

Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру барысында жолаушылар-серуені тасымалын ұйымдастыру, Астанада дәстүрлі қайықтарды жалға беру стансаларын пайдалану, Есіл өзенінде жүзу құралдарының көбеюіне әкеп соқты. Қаладағы шомылу аймақтарын ескере отырып, бұл жағдайлар кемелердің жүзу қауіпсіздігіне қатер келтірмеуі тиіс.

Көліктік бақылау комитетінің төраға орынбасары Е. Жұмашев Есіл өзеніндегі су көліктерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету Көліктік бақылау комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың, суда құтқару қызметінің және де кеме иелері мен қайықтарды жалға беру стансалары иелерінің бірлесіп күш салуын және келісіп әрекет етуін талап ететінін атап өтті.

Бүгінгі күні елордада өзенде жүзетін 28 бірлік және 239 бірлік шағын көлемді флот тіркелді.

Комитеттің басты міндеті кемелерді көлік оқиғасынан сақтандыру және заң бұзушылық әрекеттердің алдын алу болып табылады.

Комитет флоттағы апаттар жайындағы ескертулерді, оның ішінде флотты пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені жоспарын жыл сайын әзірлеп, жүзеге асырады.

Заңнаманы жетілдіру мақсатында, «Көлік мәселелеріне байланысты кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заңын жүзеге асыру барысында Көліктік бақылау комитетімен 16 нормативтік-құқықтық актілер жобасы, оның ішінде 14 Үкімет қаулысы әзірленді.

Нақтырақ айтқанда, жаңа редакцияда Үкімет қаулысы деңгейіндегі өзен және шағын көлемдегі кемелерді тіркеу, теңіз, өзен және шағын көлемдегі кемелердің апат жағдайына және көлік оқиғаларына байланысты тергеу ережелері, техникалық қадағалауды жүргізу тәртібі және шағын кеме флотын пайдалану, өзен және шағын кеме жүргізушілерін аттестациялау, кеме құжаттарын жүргізу ережелері қабылданды.

Көліктік бақылау органдарымен барлық кеме жүргізушілеріне, шағын көлемдегі кеме флот тұрақтарының иелеріне тиісті түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Көліктік бақылау комитеті жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілерінің қағидаларын түсіндіру жөнінде аталған профилактикалық жұмысты бүкіл республика аумағында өткізеді.

Кеңестің қорытындысы бойынша, Комитет Астана қаласының әкімшілігі мен Астана қаласының Ішкі істер департаментімен бірлесіп адамдардың көптеп жиналатын жерлерінде: айлақ жүзу құралдарының жанында, жаяу адамдарға арналған көпірде және қалалық жағажайда қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесін шешу жөнінде ұсыныс берді.