Көлік және коммуникация министрлігі: Ауа райы көлік қатынасын қайта қиындатты
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында нөсерлі жаңбырдың салдарынан қиыршық тас жол учаскесінде лайлы шалшық пайда болды.
Жол жүрудің қиындауына байланысты Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз автожолының 120-257 шақырымында автокөліктің барлық түрлеріне жол қозғалысы шектелді. Қозғалыс шектелген учаскеде 3 техника жұмыс жасауда.
Шығыс Қазақстан облысында ұйытқыма жел мен боранның, жолдың нашар көрінуі салдарынан автокөліктің барлық түрлеріне жол қозғалысы шектелді. Атап айтқанда, 852-ші шақырымдағы көпірді қоса алғанда, Қарағанды - Аягөз - Бұғаз автожолының Тарбағатай - Ақсуат учаскесінің 794-900 шақырымдары, Өскемен - Зырян - Рахманов бұлақтары автожолының Өскемен -Северное учаскесінің 0-46 шақырымдары, Омбы - Майқапшағай автожолының Қалбатау - Көкпекті учаскесінің 906-1002 шақырымдары аралығында жол қозғалысы шектеліп отыр. Қазір аталмыш учаскелерде 95 техника жұмыс жасауда.
Автомобиль жолдарының жағдайы бойынша шұғыл ақпаратты тәулік бойы жұмыс жасайтын диспетчерлік қызметтердің телефоны арқылы алуға болады: (7172) 23-89-25, 23-89-34. Дәл осындай диспетчерлік қызметтер барлық аймақтарда бар.
Байланыс телефондары:
Ақмола облысы /7162/ 77-10-15
Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74
Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36
Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80
Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98
Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05
Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10
Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01
Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30
Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06
Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07
Павлодар облысы /7182/ 57-09-44
Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39
Оңтүстік облысы /7252/ 55-80-95