Көлік және коммуникация министрлігі. Авиабилеттердің құны төмендеуде

None
None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті авиабилеттердің құнын төмендету мәселелері бойынша қазақстандық авиакомпаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атқарылған жұмыс нәтиже бере бастады ? тасымалдаушылар тарапынан жолаушыларға жеңілдіктер енгізілуде.«Эйр Астана» компаниясы көктемгі маусымға арналған акциясын жаздың аяғына дейін созуға шешім қабылдады. Яғни, қыс уақытындағы тарифтен екі есе төмен бағамен билет сатып алуға болады. Бір шарты ? аталған жеңілдік алдын ала сатып алынған билеттерге ғана қатысты. Жасы алпыстан асқан және жиырма беске толмаған жолаушыларға арнайы тарифтер енгізілді. Ал Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер Қазақстан және ТМД елдеріне тегін жүру билетін белгілі бір мерзімде ғана емес жыл бойы пайдалана алады.Авиабилеттерінің құнын төмендету мәселесін «Скат» компаниясы да қарастырып, өз жеңілдік жүйелерін енгізуде. Ұшу бағыттарына сәйкес және сатып алу мерзіміне қарай билеттер 5-32 пайыз арзандайды. Сондай-ақ жастар және зейнеткерлік тарифтері енгізілді.
Соңғы жаңалықтар
telegram