Көлік және коммуникация министрлігі: Ирандағы әуе апатынан экипаж құрамындағы 5 қазақстандық қаза тапты

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - 2009 жылғы  шілденің 24-де, ирандық Мешхед қаласының әуежайында жергілікті уақыт бойынша 18 сағатта (Астана уақытымен 21 сағатта) Тегран қаласынан келіп қонып жатқан Ил-62М әуе кемесінің шассиі жанғандықтан, ұшақ ұшу-қону алаңының шеңберінен шығып,

Көлік және коммуникация министрлігі: Ирандағы әуе апатынан  экипаж құрамындағы 5 қазақстандық қаза тапты

 әуежайдың периметрлік қоршауымен соқтығысты. Осының салдарынан ұшақ фюзеляжының алдыңғы жағы толықтай қирады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Иран авиациялық билік өкілдерінің ақпараты бойынша, әуе апатының себебі ұшу-қону алаңына қону жылдамдығының сақталмағандығынан болып табылады.

 Алғашқы деректер бойынша,  ұшақ бортында болған 160 жолаушы мен экипаж мүшелерінен 17 адам қаза тауып, 30-ы жарақаттанды. Қаза тапқандардың ішінде Қазақстанның 5 азаматынан тұратын әуе кемесінің экипажы бар.

 Әуе кемесінің иесі - «Дета Эйр» қазақстандық авиакомпаниясы, 2008 жылғы қарашадан бастап «Aria Air» ирандық авиакомпаниясы жалға алу құқығында пайдаланған. Әуе кемесі 1989 жылы шығарылған.

 ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Мешхед қаласына (Иран) аталған әуе апатын тергеу комиссиясының  жұмысына қатысу үшін өз мамандарын жіберді.