Көлік және коммуникация министрлігі: «Кеме қатынасы көпірі» акциясының алғашқы нәтижелері

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті ұйымдастырған «Кеме қатынасы көпірі» республикалық акциясының алғашқы нәтижелері белгілі болды.

Көлік және коммуникация министрлігі: «Кеме қатынасы көпірі» акциясының алғашқы нәтижелері

Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бүгінгі күні акция Солтүстік Қазақстаннан басқа барлық облыстарда аяқталды. Республика бойынша кеме қатынасы су жолдарында орналасқан 23 көпірдің 21 тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде 7 ұйғарым берілді. Оның 5-еуі Шығыс Қазақстанға және бір-бірден Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі», делінген баспасөз баянында.

Акцияның мақсаты - көпір және ішкі су жолдарындағы өзге де гидротехникалық құрылыс иелерінің кемелер жақындаған кезде олардың кедергісіз және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету, су түбін тазалау және су түбін тереңдету жұмыстарын өткізу бойынша міндеттерді, сонымен бірге «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.