19:36, 25 Мамыр 2009 | GMT +5
Көлік және коммуникация министрлігі: Көлік саласы А /Н1N1/ тұмау вирусына қарсы шаралар әзірледі
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде вице-министр Еркін Дүйсембаевтың төрағалығымен ел аумағында доңыз тұмауы вирусын болдыртпау және таралуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар жоспарының іске асырылуына байланысты отырыс өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдымен автокөліктерге қатаң тексеру жүргізу жүргізілді. Оның ішінде рұқсат берілмеген немесе залалдалған азық-түлікті еліміздің аймағына келтірмеу, сонымен қатар мемлекеттік шекарадан дертке шалдыққан адамдардың өтпеуін болдырмау қолға алынды. Бұл жұмыс ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-карантиндік қадағалау органдарымен бірлесе республикамыздың аймағына доңыз тұмауы індеті қауіпін болдырмау мен алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар қалааралық байланыс автокөлік жолаушылар және халықаралық тасымалмен айналысатын автокөлік жүргізушілер арасында түсіндіру жұмысы жүргізілуде.Қазақстан Республикасы аймағына әкелуге және транзит есебінде тасымалдауға рұқсат берілмеген жүктер айқындалған жағдайларда бірінші санаттағы мемлекеттік ветеринарлық бақылауды қажет ететін қызметтер арасында қарым-қатынастың технологиялық үлгісі қолданылуда. Сондай-ақ жолаушылардың хал-жағдайын қадағалау және бақылауды ұйымдастыруға бағытталған, жолаушылар пойыздарында, темір жол вокзалдарында, әуежай мен теңіз портында дене қызуы жоғары адамдарды айқындауға бағытталған іс-шаралар атқарылуда.Жолаушылар және жүк таситын пойыздардың бригадалары, Қазақстан аймағынан тыс жол жүретін темір жол саласы, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» және оның «Баутино» жүк учаскесі» филиалы қызметкерлеріне елімізге вирусты әкелуге жол бермеу және алдын алу шаралары бойынша нұсқаулар берілді.