Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметші күнін спартакиада өткізіп атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрлігі қызметкерлері арасында 14-15 маусым күндері Мемлекеттік қызметкер және Астана күндеріне арналған спартакиада ұйымдастырылды.
Аталған шара «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалының «Бірлік» филиалының қолдауымен өткізілді.
Турнирге аталмыш министрліктің қызметкерлері мен басшылығынан құралған 6 команда қатысты. Олар волейбол және шағын футбол сайыстары бойынша жарысқа түсті.
Спорттық шаралар министрлікте дәстүрге айналды дап айтуға да болады, өйткені олар екі жыл қатарынан ұйымдастырып отыр.