Көлік және коммуникация министрлігі: жыл сайынғы «Скутер» акциясының қорытындысы шығарылды
Акцияның мақсаты шағын өлшемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды, республиканың суларындағы көпшілік демалатын аймақтар мен орындарда адамның өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Өткен жылмен салыстырғанда шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрақтарына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану ережесін, ішкі су жолдары бойынша жүзу ережесін және кемелерді қауіпсіз пайдалануды реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерді бұзушылық 25 пайызға өскен.
Акция аясында республика бойынша 367 тәртіп бұзушылық анықталды, өткен жылы 297 бұзушылық анықталған болатын.
Бқұл заң бұзушылықтардың салдарынан республика бюджетіне 1,4 млн. теңге айыппұл салынды (2009 жылы - 1 млн. теңге). 116 шағын өлшемді кемені пайдалануға тыйым салынды.
Құқық бұзушылықтың негізгі себептері кеме жүргізушілерінің нормативтік құқықтық актілерді білмеуі, кемені мас күйінде басқаруы, сонымен бірге қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеуі болып отыр.
Тәртіп бұзушылықтың негізгі түрлері бойынша, атап айтқанда белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе техникалық байқаудан өтпеген, борттық нөмірлері жоқ, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған кемені басқару бойынша - 181 факт; осы кемені басқару құқығы жоқ адамның кемені басқаруы немесе кемені осындай адамға басқаруға беру бойынша 99 факт; шағын өлшемді кемені пайдалану ережесін бұзушылық бойынша 79 факт анықталды.
Осы акцияны өткізу барысында көліктік бақылау комитеті өңірлердің тұрғындарымен сақтандыру жұмыстарын жүргізді.
Бұдан былай судағы көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитеті суға түсу кезеңінің ашылуына дейін шағын өлшемді кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша демалыс аймақтарының, база-тұрақтардың, шағын өлшемді кеме иелерімен сақтандыру жұмыстарын күшейтуді жоспарлап отыр.