Көлік және коммуникация министрлігінде су жолы көлігінің дамуы жөніндегі кеңес өтті

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтың төрағалығымен су көлігінің даму мәселелері жөнінде министрлікке қарайтын мекемелер өкілдері мен кәсіпкерлердің бірлескен кеңесі өтті.

Көлік және коммуникация министрлігінде су жолы көлігінің дамуы жөніндегі кеңес өтті

Кездесуде кемежай және сервис инфрақұрылымының, сауда флотының және кеме қатынасы кауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жөніндегі мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, бүгінгі күні Ақтау кемежайында, оның қажетті өтеу мүмкіншілігін арттыру жобасының шеңберінде, 3 құрғақ жүк терминалын құрастыру көзделген .

Сонымен қатар отандық сауда флотын толықтыру және оның бәсекелестігін арттыру жөніндегі жұмыстар іске асырылуда.

2012 жылдан бастап Қазақ-Британ техникалық университеті негізінде халықаралық деңгейдегі теңізшілерді дайындайтын теңіз академиясы ашылды. Білім үдерісін дамытумен қатар теңізшілерді дайындау және вахта жұмысын халықаралық теңіз ұйымы Конвенциясына үйлестіру жұмыстары іске асырылуда, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.