Көлік және коммуникация министрлігінде жаңа тағайындаулар болды
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі бұйрығымен Дүйсебаев Асылбек Жексенбайұлы ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Дүйсенбаев Еркін Сейдағалиұлы көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.