Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері Наурыз мерекесін сайыс алаңыңда қарсы алуда
АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Наурыздың 13-і мен 20-сы аралығында Көлік және коммуникация министрлігі құрылымдық бөлімшелердің арасында мини- футболдан «Наурыз - 2010» турнирі өтіп жатыр.
Наурыз мейрамына арналған бұл спорттық турнирдің қарсаңында, наурыздың 13-14-і күндері топаралық ойындар өткізіліп, 4 үздік топ анықталған болатын. Олар - Автомобиль жолдары комитеті, Көліктік бақылау комитеті, Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті және «Барыс» командалары.
Наурыздың 20-сы күні турнирдің қорытынды матчы өтеді. Жеңімпаз команда ауыспалы кубокпен және 1-ші дәрежелі дипломмен, 2-ші және 3-ші орынды иеленетін командалар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Топтың үздік ойыншыларын да «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша бағалы сыйлықтар күтіп тұр.