Көлік және коммуникация министрлігінің жаңа вице-министрлері тағайындалды

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрлігінің жаңа вице-министрлері тағайындалды.

Көлік және коммуникация министрлігінің жаңа вице-министрлері тағайындалды

Бұл жайында аталған ведомствоның басшысы Асқар Жұмағалиевтің твиттерінде жарияланып отыр.

Онда «Үкіметтің Қаулысымен Сәкен Сәрсенов және Қайрат Әбсаттаров Көлік және коммуникация вице-министрлері болып тағайындалды»,- делінген.