Көлік және коммуникация саласына қазіргі уақытта 2600-ден астам білікті кадрлар қажет

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Көлік және коммуникация саласына қазіргі уақытта 2600-ден астам білікті кадрлар қажет. Бүгін осы министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде бұл туралы ведомство басшысы Серік Ахметов мәлімдеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алқада дағдарысқа қарсы шаралары аясында сала қызметкерлеріне білім беруге және кадрлардың біліктілігін арттыруға көңіл бөлінетіндігін айтқан С. Ахметов: «Мемлекет басшысының жаңа жыл алдындағы сөзінің, кадрларды қайтадан біліктендіруге қатысты тезисін дамыту үшін білім және еңбек министрліктерімен бірлесіп, теміржол, авиация, теңіз мамандықтары бойынша кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы әзірленетін және қабылданатын болады. Біздің есептеуіміз бойынша ағымдағы уақытта салаға 2600-ден астам білікті кадрлар қажет», деді.
Соңғы жаңалықтар