Көлік және коммуникация вице-министрі селекторлық кеңес өткізді

АСТАНА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат. Кеше, наурыздың 13-де Астана қаласында Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдырыстан - дамуға» атты Жолдауында белгіленген мәселелер бойынша министрліктің аймақтық құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен селекторлық кеңес өткізді,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Министрліктің баспасөз қызметі. Дулат Көтербеков Жолдаудың басты бағыттарын, оның ішінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету стратегиясы жайлы баяндады. Тауар өндірушілер нарығын дамытуда қазақстандық құраушының үлесін көбейтудің, сонымен қатар жұмыссыздықпен күресудің негізгі құралдары көліктік-коммуникациялық секторында шоғырланғандығын атап өтті. Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар отандық компанияларды қолдау және дағдарысқа қарсы саясаттың іс-әрекет жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Соңғы жаңалықтар