Көлік жуатын орында тұратын астаналық отбасыға көмек керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Әкелер кеңесі» қоғамдық бірлестігі Исатай Таумашевтің отбасына көмектесу мақсатында қайырымдылық акциясын қолға алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

Көлік жуатын орында тұратын астаналық отбасыға көмек керек

«Таяу арада Таумашевтер жанұясына көмек көрсету үшін банк шоты ашылады. Сондай-ақ Исатай жұмыссыз деген де ақпарат бар. Бұл мәселе де аз уақыт ішінде шешімін табады», - дейді «Әкелер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қуаныш Жұматаев.

Еске сала кетсек, Исатай Таумашев 12 жастағы ұлы Ақниет пен 7 жастағы қызы Инабатпен 2 жылдан бері көлік жуатын орында тұрып келеді. Исатайдың бұрынғы әйелі алимент төлеп тұрады, алайда бұл ақша мен ер азаматтың айлығы пәтер жалдап тұруға жетпейді. Бүгінгі таңда Таумашевтер жанұясы «толық емес отбасы» санаты бойынша үй кезегінде тұр.

Исатай, Инабат пен Ақниетке барлық жомарт жандарды қайырымдылық танытып, көмектесуге ниетті жандар жанұяға киім-кешек, ойыншық, оқу құралдарын және азық-түлік беруіне болады.

Таумашевтерге есеп шоты: ДБ «Сбербанк» АҚ KZ58914012203KZ0044C.