Көлік жүргізгенде кез келген музыканы тыңдаудың зиянды жағы да бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар көліктің ішінде және зияткерлік тапсырмаларды шешу кезінде барлық музыка түрлерін тыңдай беру пайдалы емес екенін алға тартуда.
Сол жақ ми сыңарына әсер ететін музыка көлік жүргізуге кедергі келтіреді. Ал мидың оң жақ сыңарын ынталандыратын әуендер адамның зейінін арттырады.
Жинақталып жұмыс істеуге классикалық музыка, сондай-ақ медитация әуендер пайдалы саналады екен.
Зияткерлік тапсырмаларды шешуге Гендель, Вивальди, Бах және Кореллидің музыкасы көмектеседі, деп жазады шетелдік БАҚ. Бұл композиторлардың әуендері үйлесімділікті арттырады деген тұжырым бар. Жұмыс кезінде осындай музыка адам зейінділігінің тұрақтылығына, сондай-ақ тәртіпті, ережені сақтауға ықпал ететін көрінеді.