Көлік жүргізуші келіншек жол бойымен келе жатқан жолаушыны қағып кеткен

АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Кеше, тамыздың 6-сы күні түнгі уақытта Астанадағы Қарасай батыр көшесінде көлік жүргізуші келіншек жол бойымен келе жатқан жолаушыны қағып кеткен,

Көлік жүргізуші келіншек жол бойымен келе жатқан жолаушыны қағып кеткен

деп хабарлайды ҚазАқпарат Жол полиция басқармасының  ақпаратына сілтеме жасап.

Түнгі уақытта орын алған жол-көлік апаты нәтижесінде 1985 жылғы көлік жүргізуші келіншек жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, түнгі жарық бағанына соғылды. Ал жамбасы сынған 1964 жылғы әйел азамат Травматология ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді.