Көлікке найзағай түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мароккода жол үстінде көлікке найзағай түсті. Оқиға болған сәтті камера түсіріп алған.
Youtube-де жарияланған роликте қалада жолда келе жатқан көлікті найзағайдың қалай соққаны, одан кейін оның түтіндей бастағаны анық көрінеді. Абырой болғанда, жүргізуші көлігін дереу тоқтатып үлгереді.