Көліккоммин бүйір рамасын жасаушы-завод талаптарына сай келмейтін вагондарды пайдалануға тыйым салды

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - ҚР ККМ Көліктік бақылау комитетінің теміржолдың жүк паркіне жүргізген жоспардан тыс тексерісі барысында вагондарға технологиялық үдерісті бұза отырып жасалған тетіктерді орнату жағдайлары анықталуда.

Көліккоммин бүйір рамасын жасаушы-завод талаптарына сай келмейтін вагондарды пайдалануға тыйым салды

Айталық, 65 жүк вагонына конструкциясына қатайтқыш элементтерсіз 71 бүйір рамасы орнатылған. Бұл деген құмалардың ақаулары орналасқан тұстарында жарықшақ пайда болып, олардың морт сынуына әкелуі мұмкін.

1994 жылы шыққан аталмыш бүйір рамалар «Кременчугский сталелитейный завод» АҚК-ның өнімі деп маркаланған, алайда кәсіпорынның өзі бұл деректі растамай отыр.

Осыған байланысты теміржол көлігіндегі апатты жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Көліктік бақылау комитеті «Кременчугский сталелитейный завод» ААҚ шығарған және нөмірленуі 21686-ден асқан (14-ші таңба) бүйір рамалармен жарақталған жүк вагондарының бұдан былай пайдаланылуына тыйым салды.

Айта кетерлік және бір жай, 2012-2013 жылдарғы кезеңде бүйір рамаларының сынып кетуінің 25 оқиғасы орын алған. Соның салдарынан шамамен 200 млн. теңгедей шығын келген.

Сонымен қатар тексеріс шараларының барысында ағымдағы жылғы 9 айда Комитет техникалық талаптарға сай болмауы себебіне байланысты 229 локомотивтің, 2 331 вагонның, 158 арнайы жол техникасының пайдаланылуын тоқтатты.