Көлікте қалдырылған балалар ата-аналары жағалауда ішімдік ішіп жатқан кезде тоғанға батып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқыс оқиға Забайкальеде Мәскеу уақытымен шамамен сағат 12.30 орын алды.
Балалар көлік ішінде ойнап жатқанда темір тұлпар суға қарай қозғалып кеткен. Жағалаудағы жасанды суаттың тереңдігі 10 метрге жуық. Автомобиль бірден су түбіне кетті.
Құтқарылған екі бала ауруханаға жеткізілді. Сегіз жастағы қыз бен екі және үш жасар ұлдар қаза тапты.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Фото: Антон Белицкий