Көліктегі Батыс ішкі істер департаментінің «Үгіт автобусы» алғашқы рейсін жасады
АҚТӨБЕ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ –Көліктегі Батыс ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік департаменті «Көлік полициясының жылжымалы алдын-алу пункті» акциясының алғашқы кезеңін өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Акцияның мәні ? жолаушы пойыздар терезелерінің әйнектерін, бағдаршамдардың линзаларын сындыру, рельстерге бөгде заттарды қою, сигнализация және байланыс жүйелерін бұзу оқиғаларына қатысқан, сондай-ақ стансылардағы және теміржол бойындағы балалар травматизміне байланысты жасөспірімдер мен балалар арасында алдын-ала жұмыстарын жүргізу.Көліктегі Батыс ішкі істер департаментінің «Үгіт автобусы» «Ақтөбе ? Алға ? Тамды» бағыты бойынша жүріп өтті. Тамды стансысында департаменттің жауапты қызметкерлері, «Бүркіт» патриоттық клубының мүшелері оқушылар алдында сөз сөйледі, оларға теміржол маңында болу тәртібін және теміржолдардағы балалар тентектігінің және бұзақылығының зардабын, травматизмнің қауіптілігін түсіндірді.Акция осындай іс-шараларды, қызмет көрсететін аудандардағы басқа да теміржол бағыттарында жалғастыру қажеттілігін көрсетті.