Көліктегі ІІД бастығының бірінші орынбасары ұсталды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы, Қарағанды, Қостанай және Қазақстанның өзге де облыстарында «ҚАЗАҚСТАН - отын-энергетикалық кешені» ЖШС-нің өңірлік басшыларына дизель отынын жымқыруда лауазымды тұлғамен жалпы қамқорлық жасау дерегі анықталған. Тергеумен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы ай сайын «ҚТЖ»Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «ҚАЗАҚСТАН - отын-энергетикалық кешені» ЖШС-нің жанармай қоймасында сақтауда тұрған дизель отынын жымқырғандығы анықталды», - деді реми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, дизельдік отынды жымқырудың бірнеше фактісі тіркелді. Залалдың жалпы сомасы анықталуда.
«Ағымдағы жылғы шілде - қыркүйек айлары аралығында Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары серіктестіктің өңірлік басшыларынан бірнеше рет қаморлығы үшін жалпы сомасы 2,4 млн теңге пара алып отырған. Ағымдағы жылғы 5-6 қазанда Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, «ҚАЗАҚСТАН - отын-энергетикалық кешені» ЖШС-нің Қостанай бойынша филиалының директоры, сондай-ақ осы серіктестіктің отын қоймасының директоры сот санкциясымен қамауға алынды», - деді Жанна Бастарова.