Көліктегі ІІД бастығының орынбасары тағайындалды

АСТАНА. 11 наурыз. Қазақстан Республикасы ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлығына полиция полковнигі Қазбек Тұрғынбекұлы Әлімбеков  тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Көліктегі ІІД бастығының орынбасары тағайындалды

Қазбек Тұрғынбекұлы 1964 жылдың 21 мамырында дүниеге келген.

Ол 1990 КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін, 2006 жылы Қазақ жол және байланыс университетін тәмамдады.

Қазбек Тұрғынбекұлының қызметтік тәжірибесі мол. 1984 жылы әскери борышын өтеп келгеннен кейін, Жамбыл стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімінің қабылдау-тарату милиционері болып бастаған ол Жамбыл облыстық ІІД бастығының орынбасары қызметіне дейін көтерілді, делінген хабарламада.  

Түркістанда садақ атудан Қазақстан кубогының кезеңі басталды
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан спортшылары 4–10 мамырда қандай жарыстарда бақ сынайды