Көліктегі ІІД-де «Келімсек-2011» республикалық жедел- алдын алу іс-шаралары өткізілді

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызмет атқару аймағында республикалық бірлескен «Келімсек-2011» жедел- алдын алу іс-шаралары өткізілді,

Көліктегі ІІД-де  «Келімсек-2011» республикалық  жедел- алдын алу іс-шаралары өткізілді

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Іс-шаралар аясында Қазақстан жер аумағында заңсыз шетел азаматтарының жұмыс күшін пайдаланудың алдын алу мақсатында 61 теміржол және әуе көлік кәсіпорындары және 35 оқу мекемелері тексерілді. Оның барысында 25 қылмыс тіркеліп, ашылды, оның ішінде 16 қылмыс Қазақстан азаматтарымен, 9 қылмыс шетел азаматтарымен жасалған, оның ішінде ҚР ҚК 330-1-бабына сәйкес «Сот шешімін орындамауға» қатысты 2 қылмыстық іс, ҚР ҚК 330-бабы 1 тармағына сәйкес «ҚР мемлекеттік шекарасынан қасақана өтуге» қатысты бір қылмыстық іс қозғалды.

ҚР Көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 495 шетел азаматы тартылды, оның ішінде алыс шетелдің 4 азаматы да бар.

Қабылдау-тарату орнына 20 шетел азаматы, оның ішінде 19 ТМД азаматы және 1 алыс шетел азаматы қамалды.

Әкімшілік Сот шешімінің ҚР ӘҚБТК 395-бабы 2-тармағына сәйкес, 46 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылды. Шетел азаматтарының уақытылы Қазақстан Республикасында тіркелу тәртібін бұзуға жол берген 7 ел азаматына қатысты, ҚР ӘҚБТК 395-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.