Көліктегі ІІД «Мигрант» жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - 28 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті қызмет көрсететін жер аумағында «Мигрант» жедел-алдын шарасы басталды,
None
None

деп хабарлайды аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.

«Мигранттың" басты мақсаты - Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау және заңсыз көші-қон жолдарын айқындау.

Бұл шара барысында тәртіп сақшылары жұмысты күшейтілген түрде жүргізіп, қалалар мен облыстардың вокзалдарын, әуежайлары мен теміржол вокзалдарын және гастарбайтерлер шоғырланатын орындарды тексереді.

Операция өткізілген бірінші күн ішінде көлік полицейлері ҚР көші-қон заңнамасының бұзылуының бірнеше фактісін анықтады.

Мәселен, 28 қараша күні «Мигрант» жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында ЖІІБ қызметкерлері «Мартұқ-Жайсан» өткеліндегі №7 «Алматы-Мәскеу» жолаушылар пойызының №2 вагонында 1979 жылғы Ресей азаматшасы ұсталды. Құжаттарын тексеру кезінде ол азаматшада ҚР көші-қон картасының жоқтығы анықталды. Ол Алматы стансасынан Мәскеу стансасына дейін бара жатқан көрінеді.

Осы және өзге де анықталған фактілер бойынша көлік полицейлері тексеру жұмыстарын жүзеге асырып жатыр.

«Мигрант» жедел алдын алу шарасы жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар