Көліктегі Орталық ІІД-і «Іздестіру» операциясын өткізді
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда құқық қорғау органдар қызметкерлері әр түрлі қылмыстардың алдын-алу үшін, барлық іс-шараларды белсенді қолдануға тырысып жатады. Бірақ, өкінішке орай, құқық бұзушылықтар болып жатады. Қылмыскер заңды жазасын өтеуі үшін аянбай қызмет ету керек.
Осы бағытта ішкі істер органдары өз уақытында алдын-алу және іздестіру іс-шараларын өткізіп отырады. Осылайша, ағымдағы жылдың қыркүйек айының 13-18-і аралығында Көліктегі Орталық ІІД-нің территориясында іздестірудің, қылмыскерлерді ұстаудың және олардың өткен жылдан қалған санын төмендету бағытында «Іздестіру» операциясын өткізді, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі
Іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, көлік полициясы қызметкерлерімен қылмыскерлердің тығылып жүруі мүмкін болатын мекенжайлар тексерілді. Осы тексерістер өзінің қорытындысын берді.
Көліктегі Орталық ІІД-нің қызметкерлері әділдіктен қашып, тығылып жүрген 11 қылмыскерді қолға түсірді. Олардың үшеуі халықаралық іздеуде болған, біреуі - Украина республикасымен, тағы екеуі - Ресей Федерациясымен іздеуде болған. Үш белгісіз тұлғаның мәйіті табылды, және екі із-түзсіз жоғалғандар белгілі болды.
Жедел жағдайдың қалыптасуы үшін, тәртіпті сақтап қалу мақсатында осындай шаралар өткізіліп отырады. Жасалған қылмыстар жауапсыз қалмайды!