09:52, 13 Ақпан 2020 | GMT +6
Көліктер үшін «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктер үшін бір ғана жол учаскесінде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сүйенсек, осы уақытта Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 (Көктума-Достық) шақырым аралығы жабық тұр.
Республика бойынша арнайы 752 техника жұмыс жасауда. Көлік иелері барлық сұрақтармен 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуына болады.