Көлікті кері айдап, ғаламторда танымал болған ақтаулық жауапқа тартылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Көлікті кері айдап, ғаламторда танымал болған ақтаулық жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Бейнероликті жіті тексерген полиция қызметкерлері көп ұзамай жүргізушінің жеке басын анықтап, әкімшілік жауапқа тартты.
Іздеу шаралары нәтижесінде жүргізуші мемлекеттік нөмірі R 444 AEM «Тойота Камри» көлігінің иесі болып шықты. Ол көлікті кері бағытқа айдап, түрлі түсті сигнал қосып, көшені шулатқан. Оның бұл әрекетін біреулер бейнатаспаға түсіріп, желіге жариялаған.
«Осы факті бойынша жүргізуші ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590 бабы 4 бөлімі және 603 бабы 1,2 бөлімі бойынша жауапқа тартылады. Енді іс сотқа жолданады»,- дейді МО ІІД баспасөз қызметі.
Полицейлері облыс орталығында көлікті артымен айдаған жүргізушіні ұстады. Олар жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартып, хаттама толтырған.
Сондай-ақ, болашақта осындай жағдайлардың алдын-алу үшін полицейлер жүргізушімен түсінік жұмыстарын жүргізген.